Sotheby's аукционында Ferrari F2003-GA көлігі сатылды. Бұл көлік Михаэль Шумахерге Формула-1 жарысында алтыншы чемпиондық атағын әкелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталмыш көлік 14,8 миллион долларға сатылды.
2003 жылы Шумахер әйгілі автожарысшылар Кими Райкконен мен Хуан-Пабло Монтойяға қарсы күресіп, алтыншы чемпиондық атағын жеңіп алған еді.
Формула-1-дің көлігін сату бойынша алдыңғы рекорд 5 жыл бұрын Sotheby's аукционында орнатылған. Ол кезде Ferrari F2001 лоты 7,5 миллион долларға сатылды.
Айта кетсек, әлемдегі ең қымбат көлік 1955 жылғы Mercedes-Benz 300 SLR Uhlenhaut Coupe болып қала береді. Дүние жүзінде бұл көліктің тек екі данасы ғана бар. Оның біреуі 2022 жылдың мамырында 142 миллион долларға сатылған.