Қазгидромет орталығы 2022 жылғы 12-14 қарашаға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Синоптикатердің айтуынша, алдағы демалыс күндері және жаңа жұмыс аптасының басында республиканың көп бөлігіне кезекті Атлантикалық циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер әсер етеді.
- Бұл факторлар ауа райының тұрақсыздығына себеп болмақ. Республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, елдің көп бөлігінде көктайғақ, боран күтілуде. Сондай-ақ 15-29 м/қатты екпінді жел күтіледі. Тек елдің оңтүстік өңірлерінде 12-13 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - делінген хабарламада.