• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қараша, 2022

Қазақстанда халық саны 19 миллионнан асты

797 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы демографиялық ахуалды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 19 691,9 мың адамды құраған, оның ішінде қалалықтар – 12 151,7 мың (61,7%), ауылдықтар – 7 540,2 мың адам (38,3%).

2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 188,7 мың адамға (1 %-ға) өскен.

 

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі 2021 жылмен салыстырғанда  (201,2 мың адам) 1,6%-ға кеміп, 198 мың адамды құраған. 

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 299,7 мың сәби дүниеге келген. Алайда алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл - 11,5%-ға аз көрсеткіш.  

Халықтың көші-қоны бойынша, биыл елімізге тұрғылықты тұруға 10 995 адам келсе, кеткендер саны – 20 341 адамды құраған. 

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болды. Деректер бойынша, ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі тиісінше 84,4%  және 84,8% құрайды.