Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Гүлсая Ержан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта финалда үндістандық Савитимен жүлдені сарапқа салды.
Төрешілер алғашқы екі раундта үндістандық боксшы басым деп тапты. Жалпы есеп – 5:0 болып, Савитидің пайдасына шешілді.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын 3 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлдемен қорытындылады.
Айта кетейік, ертең ерлер арасында тоғыз қазақстандық боксшы алтын жүлдеге таласады.