• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Бокс 12 Қараша, 2022

Азия чемпионаты: Бокстан Санжарға алтын, Сәкенге күміс бұйырды

304 рет
көрсетілді

Бүгін Амманда бокстан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін 19 жастағы Санжар Тәшкенбай Қазақстан қоржынына ерлер арасындағы алғашқы алтын жүлдені салды.

Ал 51 келі салмақта өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан жеңіліп қалды. Осылайша ол Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.