Алматы базарындағы өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов хабарлады. Оның айтуынша, өрттен келген шығын көлемі анықталып жатыр.«Егер бизнеске консультациялар, сақтандыру төлемдері, жалға берушілермен келіссөздер жүргізу бойынша қандай да бір көмек қажет болса, біздің мамандар көмек беруге дайын. Қажет болса, біз қор ашамыз», деді ол.