Қазақстан құрамасы Амманда (Иордания) өткен бокстан Азия чемпионатында жалпы медальдар саны бойынша бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан боксшылары барлығы 21 медаль жеңіп алды – 6 алтын, 7 күміс және 8 қола. Екінші орынды 13 медальмен Өзбекстан құрамасы иеленді – 6 алтын, 3 күміс және 4 қола. Үндістан 12 медаль – 4 алтын, 2 күміс және 6 қоламен үшінші болды.
Барлығы:
1. Қазақстан – 6-7-82. Өзбекстан – 6-3-43. Үндістан – 4-2-64. Иордания – 2-3-25. Тайланд – 2-2-16. Жапония – 1-5-17. Оңтүстік Корея – 1-1-48. Тайвань – 1-0-39. Филиппин – 1-0-210. Вьетнам – 1-0-111. Моңғолия – 0-2-812. Қырғызстан – 0-0-413. Иран – 0-0-213. Тәжікстан – 0-0-215. Пәкістан – 0-0-1.