• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Қараша, 2022

Ақтауда кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен 6 жігіт ұсталды

213 рет
көрсетілді

Ақтау қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша 6 күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске салсақ, 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ тиген 19 жастағы бір азамат жеткізілгені жайлы хабарлағанбыз. Сондай-ақ тізе буынының жабық жарақатымен тағы бір азамат дәрігерлерге табысталған. Олар Ақтаудағы кафелердің бірінде болған оқиға кезінде жарақат алған.

«Осы оқиғаға қатысушылардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген өңірлік ПД баспасөз қызметінің ақпаратында. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмеді.