Наташа Пирц-Мусар Словениядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жетті. Партиялық емес кандидат шамамен 54% дауыс жинаған. Ал демократиялық партияның өкілі Андже Логар 46% жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Словения Премьер-Министрі Роберт Голлоб Пирц-Мусарды жеңісімен құттықтады. Ол оның жеңісін «демократияның негізгі элементтері құрметтелетін» елде өмір сүргісі келетін азаматтардың таңдауы деп атады.