13 қарашада Ыстанбұлдың туристік орталығында жарылыс болды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 4 адам қаза тапқан, 38 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары және қала мэриясымен байланыста.
Айта кетейік, бұған дейін Стамбулдың орталығындағы көшелердің бірінде жарылыс болғанын хабарлаған едік.