• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қараша, 2022

2023 жылы қандай заңдар қабылданады?

1495 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қанат Мусин 2023 жылы 34 заң жобасын әзірлеу көзделгенін, оның ішінде бірінші жартыжылдықта Парламентке 15 заң жобасын және екінші жартыжылдықта 19 заң жобасын енгізу қажет екенін айтты.

Жалпы министрдің деректері бойынша, жоспардың жобасы Президент және мемлекеттің стратегиялық құжаттары айқындаған міндеттер негізінде қалыптастырылған.

«Қала құрылысы кодексін және бюджет кодексін, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, көші-қон, мемлекеттік сатып алу, салық салу, сондай-ақ әкімшілік әділетті, қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу көзделген», деді Қанат Мусин.

Әділет министрлігінің басшысы Су кодексін, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын, бұқаралық ақпарат құралдары мен аквамәдениетті қорғау бөлігінде жаңа редакциядағы заң жобаларын әзірлеу жоспарланғанын қоса айтты.