• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қараша, 2022

Ыстанбұлдағы теракт құрбандары жайлы деректер жарияланды

203 рет
көрсетілді

13 қарашада Ыстанбұлдағы Таксим алаңында болған жарылыс салдарынан алты адам қаза тапты. Оxu.az сайты құрбандар жайлы деректермен және фотолармен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарылыс кезінде 38 жастағы қала тұрғыны Арзу Озсой мен оның 15 жастағы қызы Ягмур Учар қайтыс боған.

Таксимде 9 жастағы қызы Эжринмен серуендеп жүрген 34 жастағы мемлекеттік қызметкер  Юсуф Мейдан да болған. Олар да бейбіт тұрғындарға жасалған лаңкестік әрекеттің құрбанына айналған.

Сондай-ақ 40 жастағы Адем Топкара мен оның 27 жастағы әйелі Мукаддес Элиф Топкара да қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан.

Түркия Ішкі істер министрі оқиға салдарынан 81 адамның жараланғанын, олардың 50-інің үйлеріне шығарылғанын, бесеуі жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді. Тағы екі адамның жағдайы ауыр.