• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қараша, 2022

G20: Си Цзиньпин біржақты санкцияларға қарсы мәлімдеме жасады

156 рет
көрсетілді

Бүгін Индонезияда өтіп жатқан G20 саммитінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бірқатар мәлімдеме жасап, біржақты санкцияларды алып тастау мәселесін назарға алуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Global Times басылымына сілтеме жасап.

«Әлем азық-түлік пен энергетика мәселелерін саясаттандыру әрекеттеріне үзілді-кесілді қарсы тұруы керек», деп атап өтті ҚХР Төрағасы.

Си Цзиньпин қазіргі дағдарыстың негізгі себебі - жеткізілім тізбегі мен халықаралық ынтымақтастықтың бұзылуы деп санайды.

«Бұл жағдайдан шығу үшін барлық елдер Біріккен Ұлттар Ұйымымен және басқа да көпжақты халықаралық ұйымдармен үйлестіру кезінде нарықты қадағалау және реттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайту керек», деп санайды ҚХР Төрағасы.

Сөз сөйлеу барысында ол біржақты санкцияларды алып тастау мәселесін көтеріп, елдер арасында техникалық ынтымақтастыққа қойылған шектеулерді алып тастауды ұсынды.

Айта кетсек, бүгін Индонезияның Бали аралында G20 саммиті басталды.

Ал 14 қарашада Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен бірқатар кездесу өткізген еді.