• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қараша, 2022

Бюджет қаржысын игере алмаған өңірлер аталды

343 рет
көрсетілді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Жергілікті бюджеттердің шығыстары 8,1 трлн теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомаға нысаналы трансферттер көзделген. 1 қарашадағы жағдай бойынша 2,6 трлн теңге, яғни қаржының 94,1%-ы игерілді», деді Ерұлан Жамаубаев.

Министр ұсынған мәліметтерге сәйкес, Астана қаласы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары қаржыны толық игермеген.

«Бұнын негізгі себептері - жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыстар актілерін уақытылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу, қазынашылық органдарына төлем шотын кеш ұсыну», деп түсіндірді ол.