Орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионында Дүниежүзілік бокс ұйымының рейтингінің көшбасшысы мексикалық Хаме Мунгиямен ықтимал жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 қараша күні таңертең Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста британдық Дензел Бентлиді жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды. Бұған дейін WBO Әлімханұлы жеңіске жетсе, Мунгиямен жекпе-жек өткізеді деген шешімге келген.
«Мунгия менімен күресуге келіседі деген үміттемін», деп жазды Жәнібек Twitter парақшасында.
Хамес Мунгия 19 қарашада Әлімханұлынан екінші раундта нокаутпен ұтылған аргентиналық Гонсало Кориямен жұдырықтасады.