Қарағанды облысында ірі қара жануардан эмфизематозды карбункул ауруы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Елдала басылымына сілтеме жасап.
«Республикалық ветеринариялық зертхананың Қарағанды филиалының 2 қарашадағы сараптама актісіне сәйкес, 20 қазанда ірі қара малдан алынған патологиялық материал эмфизематозды карбункул ауруына оң нәтиже көрсетті», делінген Қарқаралы ауданының ветеринариялық-санитариялық инспекторының қорытындысында.
Мал Қоспақ қыстауында орналасқан «Свиридов» шаруа қожалығына тиесілі. Аталған аймақ толығымен карантинге жабылады.