Елорда көшелерін қар мен мұздан тазарту үшін 2,3 мың жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қыс мезгілі басталғалы қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Көшелер тәулік бойы қардан тазартылады.
15 қарашада бұл жұмысқа 2,3 мың жол жұмысшысы мен мыңға жуық мамандандырылған техника, оның ішінде қар тиегіш пен самосвал жұмылдырылды.
14 қарашадан 15 қарашаға қараған түні қаладан 8 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Жалпы, қалаға қар түскелі бері елордадан 62 мың текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 4 708 рейс жасалды.