• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2014

Өңірлік ықпалдастық бәсекеге қабілеттілікті арттыра түседі

243 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 мамыр. Өңірлік ықпалдастық бәсекеге қабілеттілікті арттырып, нарықты кеңейтуге мүмкіндік береді. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов осындай пікір білдірді. Осыны хабарлаған BNews.kz тілшісі сарапшының көптеген орнықты ойларын тарқатып айтып береді. «Қазақстанның өңірлік ықпалдастыққа ұмтылуы әлемдік тренд болып табылады. Бұл Қазақстан үшін аса маңызды, себебі біздің аумағымыз үлкен емес, теңізге тікелей шығар жолдарымыз жоқ және экономикалық өсімнің негізгі әлемдік орталықтарынан алшақ. Өңірлік ықпалдастық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, нарықты кеңейтуге мүмкіндік береді», - деген пікірді жеткізген сарапшы. Институт басшысы Мақсат Мұқанов атап өткендей, бүгінгі күннің өзінде бірыңғай экономикалық кеңістік сауда қызметінің халықаралық қиғадаттары негізінде қалыптастырылуда. «Бұл ДСҰ қағидаттары. Бүгіннің өзінде ДСҰ қағидаттары басшылыққа алынып отыр, өйткені бұл қағидаттарда мемлекеттің бұл үрдістерге араласуын барынша азайту бар. Сондықтан сауда қызметінің халықаралық қағидаттарымен рұқсат етілген бағыттарда ғана қолдау көрсетілетін болады. Қазір мемлекет тарапынан біздің кәсіпкерлікке, қазақстандық кәсіпорындарға, әсіресе, өңдеу, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу салаларында өте үлкен қолдау көрсетілуде. Және бұл бағытта қолдау білдіруге тыйым салынбаған шаралар (мысал үшін ішкі өндіріс) отандық өндірушілерді демеуге ықпал ететін болады. Бірақ онымен бір мезгілде Қазақстан өз мойнына алатын қолданыстағы халықаралық нормалар мен міндеттемелер шеңберінде айтсақ, бұл тұрғыда халықаралық нормалар отандық өндірушілерге бөгет жасайтындай үлкен кедергілерді көріп отырғаным жоқ», - деді сарапшы. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: BNews.kz. Фото: agencyrating.kz.