• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Қараша, 2022

Келешегі зор зауыт

363 рет
көрсетілді

Таяуда темірбетон өнімдерін өндіретін «SG Beton» зауыты іске қосылды. Зауыт құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Инвестиция көлемі – 16 млрд теңге. Осы заманғы ең озық құрал-жабдықтар орнатылған заманауи зауыт биыл қазан айында өз жұмысын бастады.

Волгодоновка ауылының жанында орналасқан «SG Beton» зауыты 15 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Заманауи жабдықтармен толық жабдықталған. Ең бастысы, озық технологияларды мейлінше тиімді пайдаланатын еліміздегі ең ірі кәсіпорынның бірі. Кәсіпорын құрылыс материалдарының бірнеше түрін барынша сапалы етіп шығаруды жоспарлап отыр. Алға қойған міндет межесі оңынан оңғарылса, қолжетімді тұрғын үй бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарламаның сәтті іске асуына септігін тигізбек.

Зауытта жол плиталары, әртүрлі өл­шем­дегі баспалдақтар, панельдік едендер мен іргетас блоктары тәрізді бірнеше түрлі өнім шығарылмақ. Жылына 456 600 шаршы метр құрылыстың ірге­тасын бе­рік етуге қажетті өткір қада­ларды шы­ғару жоспарлануда. Бұл көлемді таразы басына тартсаңыз, зауыт тәулігіне екі ша­қырым болатын қадаларды шыға­ра­ды деген сөз. Мұндай өнімдер өңір­дегі құ­ры­­лыс жұ­мыс­тары үшін өте қажет. Атал­­ған өнім­дер өнді­рілсе, өңір­дегі құ­ры­лыс қар­қы­ны бүгінгі­ден де арта тү­сеті­ні дау­сыз. Ең бастысы, 240 жұ­мыс ор­­ны ашыл­­мақ. Қазір 106 адам жұмыс­қа ор­на­ласқан. Алдағы уақыт­та зауыт жұ­мы­с­­шы­­ларының кәсіби дең­гейін көтеру үшін оқы­­ту көзделіп отыр. Зауыт жұмыс­шы­­­лары­­ның орташа еңбекақысы 300-350 мың теңге ша­масында. Олардың алаңсыз жұ­мыс істеуіне барлық қолайлы жағдай жасалған.

– Жергілікті жерде жұмыс болғаны, жұмысшылардың толымды еңбек алғаны өте жақсы, – дейді дәнекерлеуші оператор Александр Заяц, – зауыттағы барлық жұмыс автоматтандырылған. Қол еңбегі көп қажет етілмейді. Алдағы уақытта жұмысшылардың да барынша білімді болғаны дұрыс. Өйткені енді бізге жаңа құрылғылармен жұмыс істеуге тура келеді.

Темірбетон құрылғыларын өндіру кезінде технологиялық процестің барлық кезеңі дұрыс сақталса, үлкен жүктемеге төтеп бере алады. Өнім өндіру бірнеше кезеңге бөлінген. Барлығы мүлтіксіз жұмыс істеп, өндірілетін өнімнің сапасына әсер етпек. Зауыт заман талабына толық жауап беретін немістің «Макструдер» фирмасының жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Толық автоматтандырылған жүйе жұмысшының қателігіне жол бермейді. Жаңа технологияларды қолдану зауыт­тың жоғары өнімділігін, сондай-ақ шикі­зат пен суды үнемдеп тұтынуға мүмкін­дік береді. Зауыттағы жұмыс екі ауысым бойынша ұйымдастырылып отыр.

Құрылыс материалдарының қымбаттауы еліміздегі салаға кері әсерін тигізгені анық. Ал жергілікті жер­де мұндай өнімнің өндірілуі халыққа қол­жетім­ді әрі сапалы тұрғын үй салуға жол ашады. Шын мәнінде темірбетон зауы­ты­ның іске қосылуы бұл тараптағы Мем­лекет басшысының тапсырмаларын ойда­ғы­дай орындауға ықпал етеді. Яғни темір­бетон өнімдерінің өндірісі өңірде ғана емес, еліміздегі сұранысты ақтамақ. Оның үстіне құрылыс жұмыстары қар­қынды жүргізіліп жатқан елордадағы қажет­ті­лікті жергілікті өніммен өтейді.

– «SG Beton» зауыты «G-PARK» компаниялар тобына кіреді. Дәл қазір 650 мың шаршы метр көпқуысты плиталар мен 457 мың өткір қадалар шығаруға мүмкіндік бар, – дейді серіктестік директоры Амангелді Кәкібаев, – алдағы уақытта өнім көлемін екі есеге арттыра­мыз. Келесі жылы бетон дайындау зауыты салынбақшы. Міне, сол кезде құры­лысқа қажетті қыруар дүниенің сұраны­сын өтейміз деп межелеп отырмыз.

Құрылыс саласы қарқынды дамыған кезде өзге де салалас көптеген жұмыс алға басатын болады.

 

Ақмола облысы,

Аршалы ауданы