• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 16 Қараша, 2022

Алматыда электро автобустар көбейеді

295 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы көшелеріндегі көлік жүктемесін жою жолдарын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қоршаған ортаға зиян келтіретін ескі көлік түрлерінен бас тарту керек. 2025 жылдан кейін Алматы көшелерінде дизельді автобустар қалмауы тиіс, оларды электро автобустармен алмастыру қажет. Транзиттік жүк тасымалының көп бөлігін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына ауыстыру қалаға үшін тиімді болады. Ол үшін 6 радиалды және 4 ішкі магистральдық көше салу қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев қала жұртшылығымен кездесуінде.

Бұл ретте Президент Үкімет пен қала әкімдігіне аталған жобаларды қолға алуды тапсырды.

«Алматы қаласы мен Алматы облысы бір-бірімен тығыз байланысты. Бүгінде Алматы жолдарында үлкен жүктеме бар екенін әлі де байқап отырмыз. Сондықтан қала маңындағы қоғамдық көлікті дамытуға ерекше назар аудару қажет», деп қосты Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде жақында Алматы мен Қонаев қалалары арасындағы электр пойызының бағыты жаңартылғанын еске салды.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Алматы және Алматы облысының әкімдіктері қала маңындағы теміржол қатынасын одан әрі дамыту жоспарын әзірлеуі қажет», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.