• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 16 Қараша, 2022

65 елден 13 мың турист келді: Президент Димаштың Алматыдағы концерті туралы

777 рет
көрсетілді

Алматы -  Қазақстанның мәдени астанасы саналады. Мұнда театрлар, музейлер, кітапханалар көп. Almaty Fest, The Spirit of Tengri сияқты ауқымды мәдени іс-шаралар жиі өтеді. Бірақ, тағы да сол мәселе, негізгі мәдениет ошақтары қаланың «тарихи орталығында» шоғырланған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Алматы қаласының жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, қалаға туристерді тартуға мәдениет саласының әлеуеті жеткілікті.

«Әкімдік қаланың жаңа аудандарында заманауи мәдени орта қалыптастыруы керек. Туристерді көптеп тартуға мәдениет саласының әлеуеті жетеді. Мысалы, жақында Алматыда Димаштың концерті өткенін жақсы білесіздер. Оған 65 елден 13 мың турист келді. Мәдени іс-шаралар қаланың рухани өмірін байытуға, шығармашылық әлеуетін арттыруға тиіс», деп қосты Қ.Тоқаев

Сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін жандарға жан-жақты қолдау көрсетілуі тиіс екенін айтты.

«Алматы – барлық азаматқа бірдей қолжетімді әрі қолайлы қала болуы қажет. Ерекше күтімді қажет ететін жандарға жан-жақты қолдау көрсету аса маңызды. Оларға мейлінше ыңғайлы қоғамдық орта қалыптастыруымыз қажет», деді ел Президенті.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда ешкімнің құқығы шектелмеуі керек. Қазір Алматыда 55 мыңдай мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Оның 13 мыңы еркін жүріп-тұра алмайды. Оларға кедергісіз орта қалыптастыру қажет. Бұл жұмыс мүмкіндігі шектеулі жандар ғана емес, қарт кісілер және балалар үшін де өте маңызды.

«Сондықтан, әкімдік қаладағы әлеуметтік нысандардың бәрін осындай жандардың қажеттілігіне бейімдеуі керек. Халыққа қызмет көрсету орталықтарын, ауруханалар мен емханаларды, білім беру және спорт мекемелерін осы талапқа сай келтіру қажет», деді Қ.Тоқаев.