АСТАНА. 29 мамыр. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев 2019 жылға қарай интеграциялау жолымен ортақ электр энергиясы нарығын құру жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бақытжан Сағынтаев: «Ортақ электр энергиясы нарығын Қазақстан, Ресей және Беларусь электр энергияларының ұлттық нарықтарын интеграциялау жолымен 2019 жылға қарай құру жоспарда бар. Ортақ электр энергиясы нарығын сатылап құру шеңберінде ортақ электр энергиясын құру тұжырымдамасы мен бағдарламасы әзірленіп, оларды мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары экономикалық кеңес бекітетін болады», – деді. Оның айтуынша, бұл тұжырымдамалар мен бағдарламалар бекітілгеннен кейін мүше-мемлекеттер ортақ электр энергиясы нарығын құру туралы (2019 жылдың 1 шілдесіне дейін) халықаралық келісім-шартқа қол қояды.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: ortcom.kz.