• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 16 Қараша, 2022

Қазақстанда тіркелген құқық бұзушылықтың басым бөлігі Алматыда жасалған

141 рет
көрсетілді

Биыл Қазақстанда тіркелген барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың бестен бір бөлігі Алматыда жасалды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала жұртшылығымен өткен жиында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл Қазақстанда тіркелген барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың бестен бір бөлігі Алматыда жасалғаны анықталды. Олардың негізгі бөлігі ұрлық пен алаяқтыққа байланысты болды. Мемлекеттің басты басымдығы - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмірін, денсаулығы мен мүлкін қорғау. Сондықтан қаладағы қылмыстарға тосқауыл қою керек», деді Президент кездесу барысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда полицияның сервистік моделін енгізуге бағытталған жүйелі реформа жүргізіліп жатқанын еске салды.

«Алатау ауданында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба жақсы нәтиже көрсетуде. Сондықтан келесі жылдың соңына дейін қаланың барлық аудандарында полицияның сегіз сервистік орталығын ашып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық топтар құруды тапсырамын. Мұндай қадам полиция бөлімшелерінің жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қалада қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында әкімдікке 2025 жылға дейін қала көшелері мен қоғамдық кеңістіктерді жүз пайыз жарықтандырумен қамтамасыз етуі тапсырылды.