АСТАНА. 29 мамыр. Қосымшаларымен есептегенде Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісім-шарттың көлемі 1000 бетке жуықтайды. Аталған құжат әріптес елдердің парламенттерінде ратификациялануы тиіс. Ресей Федерациясы Үкіметі басшысының бірінші орынбасары Игорь Шувалов осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Игорь Шувалов: «Еуразиялық экономикалық комиссияны Еуразиялық экономикалық одақтың нақты іс жүргізетін органы ретінде нығайту жөнінде бірлескен жұмысты жалғастыруға тиіспіз. Қазақстан тарапының Комиссия аппаратындағы «өз позицияларын күшейтуге» ұмтылысына өте қызыға қараймын. Кейде бұл жөнінде біз Бақытжан Сағынтаевпен айтысып та қаламыз, бірақ қағидатты түрде алғанда қазақстандық әріптестеріміздің одақ аппаратында лайықты орындарды барынша көбірек иемденуге деген ұмтылысы мені қуантады», – деді.
Бұдан бөлек, ол ағымдағы шешімдердің көпшілігі қабылданатын Кеңестің мәжілістері жүйелі түрде өткізіліп тұруы тиіс екенін де атап өтті.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz
Фото: eurasioncommission.org.