• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Қараша, 2022

Елімізде 22 градусқа дейін аяз болады

194 рет
көрсетілді

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің айтуынша, елдің басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі. Кезеңнің соңында фронтальды ағындардың өтуімен бірге республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады.

«Солтүстікте қар, ал оңтүстік пен батыста жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша желдің 15-23 м/с дейін күшеюі, көктайғақ, тұман болса, солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын күтіледі. Түнде солтүстікте, шығыста, орталықта ауаның температурасы 8-22 градусқа дейін төмендейді», делінген хабарламада.