Сайлау күні Семей қаласының тұрғындары қоғамдық көлікпен тегін жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жексенбі күні автобустар өз кестелері бойынша жүреді. Семейде 149 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Семей қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам енгізілген.
Айта кетейік, кезектен тыс Президент сайлауы 20 қараша өтеді.