• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім-шартқа қол қойылды

463 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 мамыр. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Бұл тарихи басқосуға, яғни, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою рәсіміне әріптес мемлекеттердің Парламент депутаттары, зиялы қауым және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Шартта халықаралық ұйымдарға тән базалық аспектілер, мемлекеттердің теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ, мүше-мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары қамтылған. Аталған одақ жөніндегі басты құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Тағы бір айта кетер жәйт, шартта шешім қабылдау кезіндегі консенсус механизмі барлық деңгейде ескерілген. Сонымен қатар, тараптардың Одақ органдарындағы кадр саясаты аясында тең қамтылуы қағидаты да қарастырылған. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Шарт сауатты, теңгестірілген, оған қатысушы мемлекеттердің барлығының мүдделерін есепке ала отырып жасалды. Ауқымды жұмыс атқарылды. Келіспеушіліктер де баршылық болғанымен, біз барлық тараптарды қанағаттандыратын ортақ консенсусқа келіп отырмыз», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: «ҚазАқпарат».