• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 16 Қараша, 2022

ПІБ ауруханасы жанынан емдік-диагностикалық орталық ашылды

459 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық ауруханасы жанынан жаңа заманауи емдік-диагностикалық орталық ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цойдың қатысуымен өтті. Онда жаңа орталықтың терапевтік бөлімдері таныстырылып, жұмыс барысы айтылды.

Аталған орталық күрделі ауруға шалдыққан науқастарға емдік-оңалту қызметін көрсетеді. Диагностикалық база 640 кескінді КТ, МРТ аппараттары, заманауи рентген және ультрадыбыстық қондырғылар, томосинтез функциясы бар соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен жабдықталған.

 

Медициналық орталықтың жаңа блогы 7 терапевттік бөлімді қамтиды. Атап айтқанда, пульмонология, нефрология, гастроэнтерология, эндокринология, неврология, ревматология және кардиология.

Аурухана еліміздің түрлі аймақтарынан келген науқастарға да қызмет көрсетеді. Жалпы алғанда емдік қызмет  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы бар немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде де ақылы негізде де қолжетімді.

Сондай-ақ алдағы уақытта респираторлық жүйе ауруларының ауыр түрлерін, соның ішінде аутоиммунды және сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастарды емдеу үшін Пульмонологиялық орталық ашу да жоспарланған. 

Аурухананың жаңа бөлімі түрлі заманауи диагностикалық аппараттармен қамтамасыз етілген. Бұл ауруды тек дер кезінде анықтап қана қоймай, дұрыс емдік шара жүргізуге де мүмкіндік береді. 

Реабилитологтар, логопедтер, психологтар мен невропатологтар ауыр неврологиялық тапшылығы бар науқастарға медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін қолданады.

Бұдан бөлек, Альцгеймер ауруы, Паркинсон ауруы, склероз, миастения грависі, аутоиммунды энцефалиттің диагностикасы мен емдеу процесіне инновациялық тәсілдер пайдаланады.

Аурухананың төсек-орын сыйымдылығы жатын орынды 200-ден 400-ге дейін көбейтуге, яғни жылына 8 мың қазақстандықты қамтуға мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында Алексей Цой жаңа емдік-диагностикалық аурухананың жұмысымен танысып, қызметкерлерге сәттілік тіледі.