• RUB:
    5
  • USD:
    488.91
  • EUR:
    532.62
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қараша, 2022

G20 көшбасшылары бірлескен мәлімдеме жасады

228 рет
көрсетілді

Индонезияда өткен саммиттің қорытындысы бойынша G20 елдерінің көшбасшылары бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

G20 елдерінің басым бөлігі Украинадағы соғысты айыптады. Сондай-ақ құжатта G20 құрамына кіретін елдер астық мәмілесін жүзеге асыруды жақтайтыны айтылған.

Сонымен бірге бұл елдердің көшбасшылары ауылшаруашылық өнімдерінің ашық саудасын қолдайды.

«Біз ауыл шаруашылығы өнімдерінің жаһандық сауда ережелерін жаңарту және азық-түлік саудасын жеңілдету қажеттілігін, сондай-ақ азық-түлік пен тыңайтқыштардың экспортына тыйым салулар мен шектеулерді ДСҰ-ның тиісті ережелеріне сәйкес келмейтін тәртіппен енгізбеудің маңыздылығын растаймыз», делінген құжатта.

Жиырма ел азық-түлік дағдарысынан зардап шеккен мемлекеттерге қол ұшын созуға шақырып, санкциялардан гуманитарлық қызметті шығаруды жақтады.

Құжатта G20 елдері соңғы ғылыми жетістіктер мен әртүрлі ұлттық жағдайларды ескере отырып, парниктік газдар/көміртегі бейтараптығының жаһандық таза нөлдік шығарындыларына қол жеткізу міндеттемесін растағаны көрсетілген.

G20 елдері энергия ресурстарына қол жеткізудегі олқылықтарды жоюға және «энергетикалық кедейлікті» жоюға назар аударды. Бұл елдердің өкілдері климаттың өзгеруімен күресуге ниетті екенін білдіреді.

Сондай-ақ құжатта елдер «сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік» қағидатын ұстанатыны көрсетілген.

Елдер өкілдері заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселесін қозғап, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға қарсы күресті күшейтуге шақырды.

G20 киберкеңістіктегі жалған ақпаратпен және қауіп-қатерге қарсы тұрудың маңыздылығын талқылады. Сондай-ақ елдер арасында цифрлық экономикаға жедел көшу процесі жүргізіледі. 

Айта кетсек, Балидегі саммитте G20 елдері COVID-19 вакциналарына жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.