• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қараша, 2022

Елордада тұрғын үй кешенінен өрт шықты

222 рет
көрсетілді

«Қаһарман» тұрғын үй кешенінің 11-қабатында өрт шықты. Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт сөндірушілер пәтерден бес адамды, оның ішінде бір баланы алып шықты. Сондай-ақ 10 адам эвакуацияланды.

Екі ересек адам мен бір бала ауруханаға жеткізілді. Олар көміртегі тотығынан уланған. ТЖД аулада тұрған көліктерге байланысты өрт сөндірушілерге үйге дейін жету қиынға соққанын атап өтті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұловтың айтуынша, өрт сөндірушілердің өздері де зардап шеккен. Олардың аяқ-қолдары мен бетін күйік шалған. Өрт сөндірушілер марапатқа ұсынылатынын атап өтті.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар бөлімінің 26 адамы мен 6 техникасы, Апаттар медицинасы орталығының үш дәрігері жұмылдырылды.