• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2010

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНА – АЙРЫҚША НАЗАР

447 рет
көрсетілді

26 мамырда Сағынбек Тұрсыновтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның “2009 жылы Қазақ­стан Республикасындағы адам құқық­тарының ахуалы туралы” баяндаманың (бұдан әрі – Комиссия баяндамасы) жобасын талқылауға арналған кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырыс халықаралық және ұлттық сарапшылардың, мемлекеттік органдардың, Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйым­дар басшыларының, еліміздің үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының, сот жүйесі, адвокатура институты, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті. Адам құқықтары жөніндегі комиссия баяндамасын оны дайындауға қатысқан комиссия мүшелері Тастемір Әбішев, Леонид Мартынов, Виталий Воронов және Еңлік Нұрғалиева таныстырды. Жан-жақты талқылау нәтижелері бо­йынша Комиссияның “2009 жылы Қазақ­стан Республикасындағы адам құқық­тарының ахуалы туралы” баяндамасын Мем­лекет басшысының қарап, бекітуіне ұсыну туралы шешім қабылданды.