• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қараша, 2022

Оралда қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды

315 рет
көрсетілді

Оралдағы қонақ үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми интернет ресурсына сілтеме жасап. 

«16 қарашада сағат таңғы 08:10 уақыт шамасында Абай ауданының полициясына қаладағы қонақ үйлердің бірінде ер адамның өлі денесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады», деп жазды ІІМ ресми сайты.

Анықталғандай, оқиға орнында 28 жастағы әйел адам болған. Ол қылмыс жасағанын мойындап, қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Орал қаласы полиция басқармасында уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.