• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 17 Қараша, 2022

Жауын-шашын, боран: Ел бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады

455 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» орталығы 2022 жылғы 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша ауа райы тұрақсыз болатынын айтып отыр, деп жазады Egemen.kz.

«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және төмен қарлы боран күтіледі», делінген хабарламада.

Айта кетейік, мамандар бұған дейін Қазақстанның алты өңірінде боран, көктайғақ және тұман күтілетіні хабарланған болатын.