• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 17 Қараша, 2022

Парламент 345 миллион еуро несиені мақұлдады

282 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылғы 24 тамызда Астанада Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) арасында 345,7 миллион еуро көлемінде несие беру туралы келісімге қол қойылды.

«Несие толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады. Қарыз қаражаты қабылданған бюджет шығыстарын, оның ішінде әлеуметтік және басқа да басым мақсаттарға бағытталған шығыстарды қолдауға мүмкіндік береді. Несие Қазақстанға өтеу мерзімі 11,5 жыл, оның ішінде 2,5 жыл жеңілдік кезеңі. Сыйақы мөлшерлемесі несие сомасының 0,25 пайызын, игерілмеген несие сомасы үшін резервтік комиссияның 0,25 пайызын құрайды. Тартылған несиеге қызмет көрсету және өтеу республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады», деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенат отырысында.

Заң ел Президентінің қол қоюына жіберіледі.

Айта кетейік, Халықаралық қайта құру және даму банкі Дүниежүзілік банктің негізгі несиелік институты болып табылады.