Әзербайжан халқының саны 2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 10 204 774 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халық саны жыл басынан бері 48 408 адамға немесе 0,5 пайызға өскен. Бұл туралы сәрсенбі күні Әзербайжанның Мемлекеттік статистика комитеті хабарлады.
Комитеттің мәліметінше, республикадағы ерлер мен әйелдердің саны шамамен бірдей.
Халықтың жартысынан астамы (52,9 пайызы) қалада, 47,1 пайызы ауылда тұрады.