Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауында Қазақстанның үш қаласында дауыс беру уақыты өзгертілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров аталған қалалардың аумақтық комиссиялары дауыс беруді бастау үшін басқа уақыт белгілеу туралы шешім қабылдағанын айтты.
«Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының жедел ақпарат ұсынуына сәйкес, тиісті аумақтық сайлау комиссияларының шешімімен 86 сайлау учаскесінде дауыс беру сағат 6:00-де басталады», деді Н.Әбдіров ОСК отырысында.
Айта кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.