Сайлау күні Украинада жүрген Қазақстан азаматтары Варшавада дауыс бере алады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жалғас Әділбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгінгі таңда еліміздің сыртқы істер департаменті мекемелерінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды. Барлық комиссия мүшелері бекітілді. Барлық сайлау учаскелері Президент сайлауына дайын. Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтары мен елшілік қызметкерлері Варшавада дауыс береді», деді Жалғас Әділбаев ОСК отырысында
Оның айтуынша, бұл сайлау учаскелерінде 12 527 Қазақстан азаматы дауыс береді деп күтілуде.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде дауыс беру 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.