• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қараша, 2022

Елімізде тұмау мен ЖРВИ өршіп тұр

528 рет
көрсетілді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова елдегі эпидемиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас санитариялық дәрігердің айтуынша қазір елімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Барлық өңірлер «жасыл» аймақта. Тәулігіне коронавирустың 70-ке дейін жағдайы тіркеледі. Науқастардың 99 пайызы емделген.

«Қазіргі уақытта жіті респераторлық вирустық инфекция мен тұмаудың эпидемиялық маусымы басталды. Олардың таралу жолы коронавирус инфекциясымен бірдей, яғни ауа-тамшы жолымен беріледі. Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бері республикамызда тұмаудың 1 014 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Республикада тұмаудың А және Б вирусының айналымда жүргені анықталды. Бұдан басқа бүгінгі күні 1 миллионнан астам ЖРВИ тіркелді. Сырқаттанушылық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірдей деңгейде болып отыр. Ауырғандардың 60 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар», деді А.Есмағамбеова.