Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновпен Чехияның дипломатиялық миссиясы өкілдерінің хаттамалық кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше және Өкілетті елші Рудольф Гикл 2022 жылдың сәуірінде осы қызметте аккредиттелген Қазақстандағы Чехия елшілігінің жанындағы әскери атташесі полковник Томаш Ржиманды таныстырды.
Тараптар қазақстан-чех елдерінің алдағы әскери ынтымақтастық бағыттарын талқылады.