• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қараша, 2022

Елордада Кәрім Мәсімовтің соты басталды

361 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҰҚК-нің бұрынғы басшысына қатысты іс бойынша процесс Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтуде. Іс бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.

Еске сала кетейік, Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты тергеу осы жылдың тамыз айында аяқталған еді.