• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Қараша, 2022

Қазақстандағы бірнеше актив мемлекетке қайтарылуы ықтимал

214 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет үйінде Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының басшылары қатысты.

Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңдық және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.