Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсткен. Өткен тәуліктің өзінде 94 адам індет жұқтырса, 13 адам коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазіргі уақытта коронавирустан – 615 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 171 (КВИ-), барлығы 786 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 112 пациент стационарда, 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.