• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қараша, 2022

ҰҚШҰ ПА делегациясы сайлау процесінің ұйымдастырылуына баға берді

154 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының топ үйлестіруші Вагаршак Акобян басқаратын делегациясымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы делегация мүшелеріне сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің қорытындыларын, Президенттікке тіркелген кандидаттар туралы ақпаратты ұсынды. Сондай-ақ 18 қарашада үгіт-насихат кезеңі аяқталып, 19 қарашада сайлау алдындағы тыныштық күні екенін атап өтті. 

Нұрлан Әбдіров ҰҚШҰ ПА өкілдерін сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтарының саны, елдегі сайлау учаскелерінің саны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы президентін сайлауға халықаралық байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде ҰҚШҰ ПА өкілдері ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдіріп, сайлау процесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.

Кездесуден кейін БАҚ үшін ҰҚШҰ ПА брифингі өтті.