• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 19 Қараша, 2022

Астана жолдарындағы жылдамдық режиміне өзгерту енгізілді

256 рет
көрсетілді

Мәңгілік ел даңғылы учаскесінде Ұлы дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін және кері бағытта жылдамдық режимі өзгертілді, деп жазадыEgemen.kz.

Бұрын аталған учаскеде тұрғын және әкімшілік құрылыстардың болмауына байланысты көліктің ең жоғары жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін белгіленген еді.

Қазіргі уақытта бірқатар тұрғын үй кешені мен сервис нысандарының салынып, пайдалануға берілуіне орай жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін төмендетілген.

Сонымен қатар, жылдамдық режимі «Бағыстан» тұрғын алабынан Оңтүстік айналма жолға дейінгі Анырақай көшесінің учаскесінде өзгертілді. Бұл учаскеде ең жоғары жылдамдық сағатына 80 шақырым болып белгіленді.

«Көлікті аталған өзгерістерді назарға алып, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып жүргізуді сұраймыз. Аталған барлық учаскеде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды, оның ішінде жылдамдық режимін тіркейтін «Сергек» камералары жұмыс істейді», - деп ескертеді департаменттен.