• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Сайлаудан кейін Үкіметке отставкаға кетудің қажеті жоқ - Қ.Тоқаев

258 рет
көрсетілді

Президент сайлауынан кейін Үкіметке отставкаға кетудің қажеті жоқ. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев тілшілерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы «Президент сайлауынан кейін Үкімет отставкаға кетуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.

«Мен айтқанымдай, саяси реформаларды жалғастыру керек, әйтпесе елде тоқырау орын алады. Екінші жағынан, заң бойынша, президенттік сайлаудан кейін Үкіметке отставкаға кетудің қажеті жоқ. Бұл парламенттік сайлаудан кейін жүзеге асырылады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.