• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Мәулен Әшімбаев сайлауда дауыс берді

177 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат спикері ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Жалпы сайлау - кез келген ел үшін маңызды оқиға. Бүгін қазақстандықтар мемлекетіміздің болашағын айқындайды. Соңғы жылдар Қазақстан үшін өте қиын болды. Экономикаға, елдегі әлеуметтік жағдайға қатты әсер еткен пандемия адамдардың денсаулығына үлкен зиян келтірді. Жыл қиын, қайғылы басталды. Қаңтар оқиғасы - біздің мемлекетіміз үшін қайғылы оқиға. Бірақ халқымыздың бірлігі арқасында біз үлкен қауіп-қатерге төтеп бердік. Бүгінде әлемдегі геосаяси ахуал нашарлап, шиеленісуде. Бұл жағдайда біздің халқымыз бірігуі тиіс, сонда алға қойған мақсаттарға қол жеткіземіз», деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат спикерінің айтуынша, бүгінде Қазақстан теңдестірілген демократиялық жүйені ұстанып отыр

«Референдум қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген бірқатар нормалар президент сайлауына да қолданылады. Біз олардың іске асырылуын көріп отырмыз. Атап айтқанда, еліміздің азаматтары президентті жеті жылдық мерзімге бір рет сайлайды. Бұл Конституцияның жаңа нормасы. Сайлауды ашық, әділ өткізу өте маңызды, сондықтан кандидаттар өз бағдарламаларын ұсынды, халықты үгіттеді. Үміткерлер үшін барлық жағдайлар жасалды деп санаймыз. Сайлаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндігін 600-ден астам бақылаушы бақылап отыр», деп атап өтті Парламент Сенатының төрағасы.