• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Сайлаудан кейін еліміздің дамуы ерекше серпін алады – Қарақат Әбден

352 рет
көрсетілді

Кезектен тыс президент сайлауында ҚР Президенттігіне кандидат Қарақат Әбден биылғы сайлау науқанында тұрғындардың қызығушылығы мен белсенділігі жоғары екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл сайлаудан кейін еліміздің дамуы ерекше серпін алады деп сенемін. Мемлекетіміздегі демократиялық қозғалыстарды ескере отырып, біз бәріміз бірігіп, әділетті де жаңарған Қазақстанды құруға атсалысамыз», деді Қарақат Әбден.

Үміткер алдағы 7 жылда еліміздің дамуында тиімді қадамдар жасалады деп есептейді.

Бұрын хабарланғандай, Қарақат Әбден кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс берді.