Ол кезектен тыс сайлауда дауыс беру үшін Астана қаласындағы №66 мектеп-лицейде орналасқан №113 сайлау учаскесіне сағат 11:04-те келді. Мейрам Қажыкен дауыс беруге әйелі мен қызын ертіп келді.
Ол «Қазақстан кәсіподақтары достастығы» «Аманат» республикалық қоғамдық ұйымынан Президенттікке кандидат ретінде ұсынылған еді.
Айта кетейік, бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтуде.