• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қараша, 2022

Берлин, Берн, Мадрид және Варшавада сайлау учаскелері ашылды

133 рет
көрсетілді

Берлин, Берн, Мадрид және Варшавада сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Токио мен Сеулде, Бейжіңде, Шанхай мен Гонконгта, Омбыда, Бішкекте, Делиде, Ташкентте, Ашхабадта, Исламабадта және Душанбеде, Абу-Дабиде, Дубайда, Маскатта, Ереванда, Бакуде, Астраханьда, Тбилисиде, Мәскеуде, Санкт-Петербург пен Қазанда, Анкарада, Ыстанбұл мен Анталияда, Вильнюста, Тель-Авивте, Афинада, Софияда, Бухарестте, Таллинде, Хельсинкиде, Ригада сайлау учаскелері ашылған болатын. 

Бұған дейін еліміздің барлық аймақтарында дауыс беру рәсімі басталғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылған.