• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының өкілдері сайлау туралы пікірлерімен бөлісті

185 рет
көрсетілді

Олар сайлаушылардың белсенділігін жоғары бағалады, деп жазады Egemen.kz.

Халықаралық байқаушыларға арналған қолғабыс көрсету орталығындағы брифингке қатысқан Армения-Қазақстан парламенттік достық тобының жетекшісі, Армения Республикасы Ұлттық Ассамблеясының өңірлік және еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары Вагаршак Акобянның айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының өкілдері кешелі бері үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

«Біз сайлауға түсіп жатқан кандидаттардың штабтарында болдық. Түрлі құрылымдардың өкілдерімен кездестік. Таңертеңнен бері учаскелерді аралап жүрміз. Сайлаушылардың белсенділігін жоғары бағалау керек. Сағат 10:00-де біз барған учаскелердегі сайлаушылардың 10 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген. Бұл жақсы көрсеткіш. Ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде екенін атап өтуге тиіспіз. Процесті мұқият қадағалап отырмыз. Сайлау қорытындысы Қазақстан тұрғындарын біріктіре түседі деген ойдамын», деді Вагаршак Акобян.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Хатшылығының басшысы – жауапты хатшысы Сергей Поспелов сайлау учаскелері ашылғанға дейін бірқатар учаскеде кезек қалыптасқанын атап өтті.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Қазақстандағы референдум кезінде де жұмыс істеген болатын. Ал бүгін біздің топ Астана қаласында, Ақмола облысында және Бішкек қаласында жұмыс істеп жатыр. Олар да сайлаушылардың белсенді екенін атап өтуде. Әзірше ешқандай бұзушылықты байқамадық. Сайлау учаскелері жабылғанша өз жұмысымызды жалғастырамыз. Бізбің байқаушылар дауыс санауға да қатысады. Кешке қорытынды құжатты әзірлейміз», деді Сергей Поспелов.